WTI мұнайының бағасы барреліне 48,79 долларға дейін өсті

Фотография - WTI мұнайының бағасы барреліне 48,79 долларға дейін өсті

Нью-Йорк тауар биржасында WTI (батыстехастық ашық түсті) мұнайы 0,81 долларға (1,7%) қымбаттады

280 0

Нью-Йорк тауар биржасында WTI (батыстехастық ашық түсті) мұнайы 0,81 долларға (1,7%) қымбаттады. Қыркүйек айының фьючерстік келісімшарттары барреліне 48,79 доллар шамасында бекітілді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. 

Сарапшылардың айтуынша, «қара алтын» бағасының көтерілуіне АҚШ Энергетика министрлігі ақпарат басқармасының елде шикі мұнайдың коммерциялық қоры 4,2 млн баррельге – өткен аптадағы жағдай бойынша 459,7 млн баррельге дейін азайғаны туралы мәліметі себеп болған. Бұл нарықтағылардың басым бөлігі үшін күтпеген ақпарат болды.

Бірқатар сарапшының пайымынша, жарияланған мәліметтер ұсыныс пен сұраныс арасындағы алшақтық біртіндеп қысқарып келе жатқанынан хабар береді. Бұған қоса, АҚШ-та мұнай өндірудің күніне 145 мың баррельге төмендеу көрсеткіші де осы болжамды расап тұрғандай.

 

 

bnews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!