БҚО: биыл 584,3 млрд теңгенің өнімі өндірілген

Фотография - БҚО: биыл 584,3 млрд теңгенің өнімі өндірілген

Жыл басынан бері БҚО-да индустрияландыру картасы бойынша өндірілген өнім көлемі 584,3 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

819 0

Жыл басынан бері БҚО-да индустрияландыру картасы бойынша өндірілген өнім көлемі 584,3 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

 Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқарманың мәліметтері бойынша, өндірілген өнім көлемі жыл басынан бері 584,3 млрд теңгені құрады, олардың 520 млрд теңгесі тау-кен индустриясына тиесілі, 42 млрд теңгесі қайта өңдеу өнеркәсібінің үлесінде.
Индустрияландыру картасы бойынша, облыста құны 308,7 млрд теңге болатын 40 жоба жүзеге асырылып, 1 мың 890 жұмыс орны ашылды. Жобалардың басым бөлігі 50 пайыздан жоғары жұмыс қуатына шықты.
Екінші бесжылдықта құны 50,8 млрд теңге болатын 8 инвестициялық жобаны іске қосу көзделіп отыр. Оның нәтижесінде 389 жұмыс орны ашылады. Олардың арасында биылғы жылы құны 48,1 млрд теңге болатын 4 жоба іске қосылып, 143 жұмыс орны ашылады. Жобаларға келетін болсақ, олардың бірі 200 МВт болатын жылу электр жүйесі, қара уылдырық пен тауарлы бекіре өндіру кешені, Бөкейорда ауданындағы сүт өнімдерін шығаратын цех. Сондай-ақ бір жобаны «Конденсат» АҚ-ы жүзеге асырмақшы. Ол экологиялық каластағы К5 моторлы отынын өндіру.
Айта кететін мәселе, "Еуро-5" экология класындағы бензин өндіру жобасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар еліміздің батыс өңірін сапалы автомобиль бензинімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

baq.kz


Тегтер:

БҚО

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!