Жекеменшік компаниялар жұмысшылардың зейнетақы қорына қаржы аударғысы келмейді

Фотография - Жекеменшік компаниялар жұмысшылардың зейнетақы қорына қаржы аударғысы келмейді

Бұл туралы Шымкенттегі "Оңтүстік" ақпарат орталығында өткен брифингте Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы Бейбіт Сыздықов мәлім етті.

167 0

Жекеменшік компаниялар жұмысшылардың зейнетақы қорына қаржы аударғысы келмейді. Бұл туралы Шымкенттегі "Оңтүстік" ақпарат орталығында өткен брифингте Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы Бейбіт Сыздықов мәлім етті. 

Оның айтуынша, 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында облыс халқын әлеуметтік қорғау саласында біршама жұмыстар атқарылған.

"Аймақта Қазақстан Республикасының бірнеше заңымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен қаралған істер саны 191 225-ке жетті. Соның ішінде жаңадан тағайындалған зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер саны 135 769 іс болды", - дейді департамент басшысы.

Облыста есеп мерзімінде зейнетақы мен жәрдемақы бойынша және әлеуметтік төлем бойынша 55 456 іс қайта қаралған. Әлеуметтік қамсыздандыру саласында көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 111 736-ға жеткен.

Департамент басшысы аймақта жалақы мөлшері аз екенін және бұл мәселенің себептерін атап өтті.

"Негізгі себеп – жалдамалы жұмысшылардың көбеюі. Жекеменшік компаниялар жұмысшылардың зейнетақы қорына қаржы аударғысы келмейді. Соның салдарынан еңбеккерлердің басым бөлігінің зейнетақы қоры мардымсыз болып қалады", - дейді ол.

 

 

Bnews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!