Қазақстанда ең жоғары жалақы Манғыстау облысында

Фотография - Қазақстанда ең жоғары жалақы Манғыстау облысында

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Манғыстау облысында белгіленді, - деп хабарлайды ҚР ҰЭМ СК баспасөз қызметі

178 0

2015 жылғы 2 тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 124 227 теңгені құрады, - деп хабарлайды ҚР ҰЭМ СК баспасөз қызметі.

Атаулы жалақы индексі 2014 жылғы 2 тоқсанға 102,9%, ал нақты жалақы индексі 98,6% құрады.

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда – 250,7 мың теңге, кәсіби, ғылыми және техникалыққызметте – 229,9 мың теңге, қаржы және сақтандыру қызметінде – 229,6 мың теңге, ақпарат және байланыс саласында – 193,1 мың теңге, көлік және қоймалау саласында – 157,3 мың теңге белгіленді.

Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді – 69,6 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 44,0%-ға төмен және білім беру саласында - 84,4 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 32,0%-ға төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Манғыстау облысында белгіленді – 217,3 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есеге асады. Жамбыл облысында мұның шамасы 85,2 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 31,4%-ға төмен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!