"Қазақмыс Голд" Қырғызстандағы мыс пен алтын кен орнында фабриканы іске қосады

Фотография - "Қазақмыс Голд" Қырғызстандағы мыс пен алтын кен орнында фабриканы іске қосады

1 тамызда "Қазақмыс Голд Қырғызстан" компаниясы қырғыз елінің оңтүстігіндегі Ала-Бұқа ауданында "Бозымшақ" алтын, мыс және күміс кен орнында фабриканы іске қосады.

229 0

1 тамызда "Қазақмыс Голд Қырғызстан" компаниясы қырғыз елінің оңтүстігіндегі Ала-Бұқа ауданында "Бозымшақ" алтын, мыс және күміс кен орнында фабриканы іске қосады. Бұл туралы елдің үкіметінен мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі.
Комбинат пен қалашықтың құрылысына 250 млн доллар құйылған, дайындық жұмыстары аяқталды. 

Естеріңізге салып өтсек, 2008 жылы қазақстандық "Қазақмыс Голд" компаниясы 2027 жылға дейін кен орнын пайдалануға лицензия алған болатын. Кен орнында мыс қоры 146 тоннаны, алтын 23 тонна және күміс 138 тоннаны құрайды. 

Жоспарға сәйкес, іске қосылғаннан кейін тау-кен байыту фабрикасының өндірістік қуаты жылына 33 мың тонна концентрантты құрауы тиіс. 
 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!