Өткен шілде айында еліміздегі инфляция 0,1 пайызды құрады

Фотография - Өткен шілде айында еліміздегі инфляция 0,1 пайызды құрады

2015 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасында инфляция 0,1 пайызды құрады. Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,3 пайызға төмендеді, ал азық-түлік емес тауарларына - 0,2 пайызға, ақылы қызметтерге 0,5 пайызға өсті

138 0

2015 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасында инфляция 0,1 пайызды құрады. Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,3 пайызға төмендеді, ал азық-түлік емес тауарларына - 0,2 пайызға, ақылы қызметтерге 0,5 пайызға өсті.

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметіне қарағанда, өткен айда бағаның төмендеуі картопқа 12,3 пайыз, жаңа жиналған көкөністерге - 6,5 пайыз, жұмыртқаға - 4,6 пайыз, құс етіне - 0,9 пайыз, айранға - 0,7 пайызға, пастерленген сүтке, мәйекті ірімшікке - 0,6 пайыздан, өсімдік-сары майына - 0,3 пайызға белгіленген. Сонымен бір мезгілде, бағаның өсуі сәбізге 11,9 пайыз, алмаға - 4,7 пайыз, апельсинге - 1,9 пайыз, кептірілген жемістер мен жаңғақтарға - 1,2 пайыз, жеміс және көкөніс шырындарына - 1,1 пайыз, нанға - 0,8 пайыз, арпа жармасына - 0,6 пайызға, ұнтақ жармасына, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдеріне  0,5 пайыздан тіркелді.

«Баға өсімі түсқағаздар, су эмульсиялық сырларға 1 пайыздан, тоқыма бұйымдарына - 0,6 пайыз, жиһаз және үйге қажетті заттарға - 0,5 пайыз, спортқа, туризмге және таза ауадағы демалысқа арналған жабдықтарға - 0,4 пайыз, фармацевтикалық өнімдерге - 0,3 пайызды құрады. Ал санаторийлер қызметтеріне баға деңгейі 3,9, кешенді демалыстарды ұйымдастыру - 2,1, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша - 1,3, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарына - 0,4, қоғамдық тамақтандыру - 0,3 пайызға өсті», делінген баспасөз баянында.

Айта кетерлігі, есепті кезеңде алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлігіне жол жүру ақысы 0,4 пайызға қымбаттаса, әуе көлігі 0,5 пайызға арзандаған. Ал тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер суық суға 7,5%, кәрізге - 7,4%, тарату желілері бойынша тасымалданатын газға - 1,2%, ыстық суға - 0,4 пайызға жоғарылады.

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!