Н. Субханбердин Қазкомның жай акцияларының бөлігін К. Рақышевке сатты

Фотография - Н. Субханбердин Қазкомның жай акцияларының бөлігін К. Рақышевке сатты

Қазкоммерцбанк пен БТА Банктің интеграциялануы аясында Нұржан Субханбердин оған тиесілі Қазкомның жай акцияларының бөлігін банктің басқа ірі акционері Кеңес Рақышевке сатты, деп хабарлады «Қазкоммерцбанк» АҚ баспасөз қызметі.

202 0

 «2014 жылғы 26 желтоқсандағы екі банк акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген ҚКБ пен БТА итеграциялану үлгісін іске асыру аясында Нұржан Субханбердин оған тиесілі Қазкомның 22 526 438 дана (орналастырылған жай акциялардың жалпы санынан 2,82 пайыз) жай акциясының бөлігін банктің басқа акционері - Кеңес Рақышевқа сатты», - делінген хабарламада.

Осылайша, Нұржан Субханбердинге қазір Қазком акциясының 5,99 пайызы тиесілі. Оған ОАИК арқылы жанама тиесілі акцияларды есепке алсақ, Субханбердин бақылауындағы акциялардың жалпы үлесі 26,28 пайызды  құрайды. Рақышевке акциялардың 28,67 пайызы тиесілі.

ҚазАқпарат

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!