Атырауда 272 млн. теңгенің жұмысы атқарылмаған

Фотография - Атырауда 272 млн. теңгенің жұмысы атқарылмаған

Атырау облысының прокурорлары ауыз су жүйесін қамтамасыз етуге бөлінген қаражат есебінен жалпы құны 272 175 506 теңгенің жұмыс ауқымы атқарылмай қалғанын анықтады.

251 0

Атырау облысының прокурорлары ауыз су жүйесін қамтамасыз етуге бөлінген қаражат есебінен жалпы құны 272 175 506 теңгенің жұмыс ауқымы атқарылмай қалғанын анықтады. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлайды.

Елбасының Жолдауларында, сонымен бірге, "Өңірлерді дамыту-2020" бағдарламасында халықты сапалы ауыз сумен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Осыған орай Атырау облысының прокуратура органдары "Ақ Бұлақ" бағдарламасының жүзеге асырылуын жіті бақылауға алды. Прокуратура қызметкерлері жүргізген тексерулер нәтижесінде бюджет қаражатын негізсіз жұмсау, елді мекендерді ауыз сумен толық қамтамасыз етпеу, мерзімінде аяқталмаған жұмыстар үшін айыппұлдар есептемеу, санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың бұзылу фактілері анықталды. Мәселен, Индер ауданының орталықтандырылған және орталықтандырылмаған су беру жүйесіндегі ауыз су сапасына зерттеулер жүргізіліп, нәтижесінде Елтай ауылындағы су тұнбасында хлор қалдығының болмағаны анықталды. Сонымен бірге, микробиологиялық зерттеулердің нәтижесінде су құрамында жалпы колиформ және термотолерант колиформ бактерияларының бар екендігі анықталған.

"Атырау облысында ауыз су жүйесін қамтамасыз етуге бөлінген қаражаттың есебінен жалпы құны 272 175 506 теңгені құрайтын жұмыс ауқымы атқарылмай қалған", делінген облыстық прокуратура таратқан хабарламада. Аталған мәселе облыс прокуроры Ғалымжан Тоғызбаевтың төрағалығымен өткен алқа мәжілісінде кеңінен талқыға түсті. Алқа мәжілісінде қаралған мәселе бойынша облыс әкіміне және өзге де уәкілетті органдарға тиісті прокурорлық ықпал ету актілері енгізілетін болды.

egemen.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!