"Даму" қоры кәсіпкерлік кредитті кепілдендірудің балама бағдарламасын әзірлеуде

Фотография - "Даму" қоры кәсіпкерлік кредитті кепілдендірудің балама бағдарламасын әзірлеуде

"Даму" қоры кредиттерді кепілдендіру тетігін дамытып, салалық және өңірлік шектеуліктер қарастырылмайтын кепілдендірудің баламалы бағдарламасын әзірлеуде.

235 0

"Даму" қоры кредиттерді кепілдендіру тетігін дамытып, салалық және өңірлік шектеуліктер қарастырылмайтын кепілдендірудің баламалы бағдарламасын әзірлеуде. 
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде отандық бизнесті дамыту мен қолдау тақырыбы бойынша өткен брифингте "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ басқарушы директоры Ғабит Лесбеков мәлім етті.

Айта кетерлігі, қазіргі күні еліміздегі екінші деңгейлі банктер кәсіпкерлердің кепілдігіне талапты жоғарылатып отыр. Соған орай, мемлекет "Даму" қоры арқылы кәсіпкерлер үшін кепілдік беретін жағдайларды қарастырған болатын. Бұған дейін аталған бағдарлама аясында еліміздегі 1133 компания жалпы сомасы 22,9 млрд теңгені құрайтын кепілдікке ие болып, нәтижесінде шағын және орта бизнес өкілдері 52 млрд теңгеден астам кредит алған.

"Бұл мәселені әрі қарай кеңейте түсу үшін қазіргі күні өңдеу өнеркәсібі секілді экономиканың басым секторына қатысты кепілдендірудің балама бағдарламасы әзірленуде. Онда салалық немесе өңірлік шектеулер мүлдем қарастырылмайды. Айта кетерлігі, басым секторларда кәсіпорындардың үлесі де көп емес. Мәселен, өнеркәсіп секторында кәсіпкерлер үлесі 3 пайызды құрайды. Сауда және қызмет көрсету саласында олардың үлесі 70 пайызға жуық. Сондықтан да, біз басым салалардың тізбесін арттырғымыз келеді", - дейді Ғабит Лесбеков.

Тоқтала кететін жайт, қазіргі күні қолданыстағы бағдарлама аясында моно және шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге 20 млн.теңгеге дейінгі кредит  бойынша кепілдік мөлшері - 85 пайыз, қызметін жүзеге асырып жүрген кәсіпкерлер үшін 180 млн.теңгеге дейінгі несие бойынша  50 пайызға дейін қарастырылған. Ал басым салаларда 360 млн.теңгеге дейінгі несие бойынша кепілдік мөлшері - 50 пайыз, өңдеу өнеркәсібінде 1 млрд.850 млн.теңгеге дейінгі несие бойынша кепілдік  20 пайызға дейін болып отыр. 

 

 


Тегтер:

"Даму" қоры

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!