"Самұрық-Қазына" басқару деңгейлерін қысқартады

Фотография - "Самұрық-Қазына" басқару деңгейлерін қысқартады

"Самұрық-Қазына" қорында басқару деңгейлері қысқартылмақ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте аталған қордың бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры Берік Бейсенғалиев мәлім етті

219 0

"Самұрық-Қазына" қорында басқару деңгейлері қысқартылмақ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте аталған қордың бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры Берік Бейсенғалиев мәлім етті.

"Бұдан бұрын "Самұрық-Қазына" көбінесе жобаларды еншілес бөлімшелері арқылы жүзеге асырды және басқарушы холдинг ретінде оларға корпоративті басқару қағидасы бойынша жетекшілік етті. Ал қазіргі кезде  коммерциялық негізделген алдыңғы қатарлы холдингтер үлгісі тұрғысында жеке инвестициялық портфельді әртараптандыру үшін экономиканың шикізаттық емес секторларына басымдық бере отырып, жобаларды іске асыру жоспарлануда. Осы жұмыстың аясында компаниялар тобындағы компанияларды екі есеге жуық қысқарту жоспарланып отыр. Алайда, бұл шаралар адамдардың жұмыс орындарын қысқартып, жұмыстан шығару керек дегенді білдірмейді", - деді ол.

Б. Бейсенғалиевтің сөзіне қарағанда, осы бағытта ауқымды шаралар атқарылып, нарыққа еркін жіберуге болатын жобалар айқындалады. Олар кейіннен саудаланып, ары қарай жеке капиталдың басшылығымен жұмыстарын жалғастырады.

"Дәл солай басқару деңгейлерін қысқарту жоспарлануда. Бүгінде олардың көлемі тоғызға дейін жетіп отыр. Әрине, бұндай деңгейлер арқылы басқару өте қиын. Сондықтан да біз осы деңгейлерді кем дегенде төртке дейін қысқартуды қарастырып отырмыз", - деді ол.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!