Мұнай бағасының құлдырауы Қазақстан бюджетіне әсер етпейді - сарапшы

Фотография - Мұнай бағасының құлдырауы Қазақстан бюджетіне әсер етпейді - сарапшы

Мұнай бағасы соңғы алты жылдағы ең төменгі көрсеткішке түсті. Бүгін қара алтын құны барреліне 48 долларға дейін құлдырады. Бұған Юань бағамының төмендеуі әсер еткен.

1689 0

Мұнай бағасы соңғы алты жылдағы ең төменгі көрсеткішке түсті. Бүгін қара алтын құны барреліне 48 долларға дейін құлдырады. Бұған Юань бағамының төмендеуі әсер еткен.

Десе де ОПЕК елдері өндіріс көлемін азайтуға асықпайды. Ал нарыққа Иран мұнайы шыққан соң, қазіргі баға тағы 10 долларға дейін түсуі мүмкін, дейді сарапшылар.

Нью-Йорктің қор биржасы азан-қазан. Мұнай бағасының арзандауы нарықтағы индекстердің төмендеуіне әкеп соқтырды. Америкалық сарапшылар мұның «валюталық соғыс» салдарынан қауіптенуден болғанын айтады. Қытай сияқты өзгелер де отандық өндірушілерді қолдауға көшуі мүмкін деген болжам айтылуда. Аспан асты елі күні кеше юаньді девальвациялады. Енді нарыққа миллиондаған тонна қор сақтап отырған Иран шығады деп күтілуде. Онда қара алтын құны тағы 20 пайызға, яғни 10 долларға арзандауы ықтимал.

Батыстың санкциясына дейін Иран тәулігіне 4,2 млн баррель мұнай өндірген. Оның 2,5 миллионы экспортталды. Шектеулерден кейін экспорт 1,1 миллионға азайды. Санкциядан босатылса, Иран 5-6 ай ішінде сыртқы сауданы тағы 1 миллионға өсіретінін айтты. Ал 2018 жылы тәулігіне 5,7 миллион баррель мұнай өндіруді көздеп отыр.

Демек, ислам республикасы Еуропа елдерін, басқа да бірқатар мемлекеттерді мұнайға қарық қылуға қауқарлы. Тек бұл мәселе 17 қыркүйекте нақты шешіледі. АҚШ Конгрессі Иранның ядролық бағдарламасын қолдайды немесе кері қайтарады. Сарапшылар АҚШ үшін мұның тәуекелге толы қадам екенін болжап отыр. Мемлекеттік хатшы Джон Керри де қауіп барін жасырмады.

«Бағдарламаны қабылдамай тастау америкалық доллардың әлемдік валюта ретінде ықпалын әлсіретуге әкелуі мүмкін», - дейді Джон Керри

Мемлекеттік хатшы мұның бір күндік шаруа емес екенін мойындады. Дегенмен, Ресей мен Қытай қазір доллардың үстемдігін жоюдың барлық амалдарын қарастырып жатыр. Қытай халық банкі рубльдің юаньмен бірдей жүруіне рұқсат берді. Ал Қазақстанға келсек, сарапшылар мұнайдың арзандауы ел бюджетіне бәлендей әсер етпейтінін болжайды.

«Біздің бюджетке оның әсері бола қоймас. Мұнай өндіретін компаниялар ғана жапа шегеді. Ал бюджетке ақша бұрынғыдай түсе береді. "Ресей бұл жағдайдан жапа шекті, ал Қазақтан қалайша қауіпті айналып өтті" деген заңды сұрақ туындайды. Өйткені біздегі келісімшартта баға пайыздық үлеспен емес, валютамен белгіленген», - деген пікірде сарапшы Марат Майлыбаев.

Бұл жағдайда бәрінен бұрын Тегеран ұтады. Егер шынымен санкциядан құтылса, Иранның кірісі әжептәуір артады, дейді Дүниежүзілік банк өкілдері. Тек инвестиция тарту арқылы мемлекет 3 миллиард доллардай табыс табуы бек мүмкін.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!