Жыл басынан өрт салдарынан еліміздің орман қорына 6 млн. теңге шығын келді

Фотография - Жыл басынан өрт салдарынан еліміздің орман қорына 6 млн. теңге шығын келді

Ағымдағы жылдың 7 айының ішінде өрт салдарынан еліміздің орман қорына 6,1 млн. теңге шығын келді. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті.

146 0

Ағымдағы жылдың 7 айының ішінде өрт салдарынан еліміздің орман қорына 6,1 млн. теңге шығын келді. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті. 
"2015 жылдың өткен кезеңінде мемлекеттік орман қорының аумағында болған өрт 2014 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 47 пайызға аз. Материалдық шығын 3,4 есе төмендеді. 2015 жылы орман өрттерінің басым бөлігі Шығыс Қазақстан (67 оқиға) және Павлодар (50 оқиға) облыстарында болды", - деді ол.

Ресми өкілдің атап өтуінше, 2015 жылғы 7 айда 43 дала өрті тіркеліп, өрт жайылған алаң 36 684 гектарды құраған. 2014 жылмен салыстырғанда дала өрттері 11 пайызға өскенімен, қызыл жалын шарпыған аймақ 1,5 есе азайған.

«Жалпы табиғи өрттермен күресу үшін республикадағы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының иелігінде 1550 негізгі өрт сөндіру техникасы, оның ішінде сыйымдылығы 5 текше метрден асатын 390 өрт сөндіру автоцистернасы, су сору өнімділігі секундына 110-нан 200 литрге дейін 44 өрт-сорғы стансасы, сыйымдылығы 30 текше метрлік екі өрт сөндіру автопойызы бар», - деді ол.


Тегтер:

өрт Жыл басы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!