1556

Орта мерзімді келешекте инфляция 6-8 пайызды құрайды Қ.Келімбетов

Жалпы, біздің орта мерзімді жоспарымызға сәйкес, инфляция 6-8 пайыздық дәлізде болады.
Фотография - Орта мерзімді келешекте инфляция 6-8 пайызды құрайды Қ.Келімбетов

 Орта мерзімді келешекте инфляция 6-8 пайызды құрайды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ұлттық банкі төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті. 
"Жалпы, біздің орта мерзімді жоспарымызға сәйкес, инфляция 6-8 пайыздық дәлізде болады. Бірақ, 2020 жылға дейінгі біздің мақсатымыз инфляцияны 3-4 пайызға дейін төмендету", - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай. 

Сондай-ақ, Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев та Үкіметтің инфляция деңгейін төмендетуді алдына мақсат етіп отырғандығын баса айтты. "Өйткені, дамыған елдердің қатарына кіруміз үшін инфляция төмендеуі тиіс", - деді министр.

Загрузка...