Қазақстандықтар тыныш ұйықтай алады - Келімбетов

Фотография - Қазақстандықтар тыныш ұйықтай алады - Келімбетов

Ұлттық банк басшысы айтуынша халық валютаның жедел өсуінен қауіптенбеуіне болады

400 0

Ұлттық банк басшысы Қайрат Елімбетовтың айтуынша, теңге курсын қолдан өсіру артта қалды. Елдің инфлациялық таргетировка курсына өткеннен кейін халық валютаның жедел өсуінен қауіптенбей уайымсыз ұйықтауына болады деп хабарлайды Today.kz.

"Біз дәлелдердің кешенді бағдарламасын, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын даярладық: халық, банктер, бизнес қаржылық-кредиттік саясатқа қандай қатынаста болу керек, онымен қалай жұмыс істеу керек. Біз банктермен кездесіп, мұның бәрін түсіндірдік. Ешқандай ажиотаж болған жоқ, біз бұған асықпай, деңгейлі күйде өтеміз деп есептеймін. Бұл пайдасыз процес емес: мұндай процестер әр елде сирек болатынын түсіну керек. Бізге мынаны түсіну қажет: біз не әрдайым қобалжуда өмір сүріп, түнде айырбас пунктіне жүгіреміз, не болмаса, айырбас бағамы нарықпен, обьективті жағдайлармен анықталатын күйге өтеміз. Халық түнде тыныш ұйықтайды, ал, шағын және орта бизнес ішкі қор негізінде жұмыс істейді", - дейді Келімбетов ОКҚ баспасөз конференциясы барысында.

Сондай-ақ, ол "белгісіздік дәуірі" артта қалғанын атап өтті. Жаңа валюталық саясаттың мақсаты транспаренттілік пен айқындық.

"Кей банктер кеше жоғары бағамдар қойып тастады, мұның бәрі өткен дәуірден. Қазір бұл белгісіздік дәуірі артта – енді бәрі айқын, түсінікті жүреді және валюталық спекуляция артта қалуы керек. Біз мұны инфляциялық таргетировкаға өткен барлық елдерден көрдік, мен мұндай жағдайдағы елдерді айтып тұрғам жоқ: Австралия мен Жаңа Зеландия. Сол Польша мен Ресейде осы жағдайға өткен соң экономика айтарлықтай долларлықтан құтылды. Дедолларизация – бұл орта мерзімді мақсат, біз оған деңгей деңгеймен келеміз", - деп аяқтады Ұлттық банк басшысы.

Бүгін ҚР үкіметі теңгенің еркін айналаымына өту туралы шешімін жария етті

Экономикалық жағдайдың нашарлауына қарамастан ҚР Үкіметі ҚР Ұлттық қорынан қосымша қаржы бөлуді жоспарлап отырған жоқ, өйткені Ұлттық қордағы қаржы әлі керек болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!