ҚР Ұлттық банкі айырбас пунктерін жазалауды ұйғарды

Фотография - ҚР Ұлттық банкі айырбас пунктерін жазалауды ұйғарды

Қайрат Келімбетовтың сөзіне қарағанда, айырбас пунктерінің спекуляциясы заңсыз

139 0

Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов ОКҚ баспасөз конференциясы барысында, айырбас пунктерінің валютаны спекуляциялау бойынша заңсыз әрекеттері жазасыз қалмайды деп уәде етті, деп хабарлайды Today.kz.

"Кеше ерекше аласапыран болған жоқ. Бізде әдеттегідей, валюталық саясаттың бір деңгейінен екіншісіне өтерде барлығы бәрін біледі. Бұл ақпараттың сыртқа кетуі деп аталады, ал өткен инфрақұрылым агенттері тап осымен ақша табады. Айырбас пунктерінің бұл әрекеті тиімсіз, олар заңнама бойынша бір күн ішінде сату мен сатып алу бағамын айырбастай алмайды, біз бұл туралы арнайы шешім қабылдағанбыз. Біздің басқа деңгейге өту жоспарымыздың бір бөлігі дайындық деңгейі, ол кезде мұндай өзгерістер артта қалуы тиіс. Кеше мұны бұзғандарды бақылап отырдық, бұл жазасыз қалмайды", - деді Келімбетов.

Сонымен қоса Ұлттық банк басшысы, елдің қаржылық институтында халық және банктермен ақпараттық-түсіндіру жұмысының кешенді бағдарламасы даяр екенін атап өтті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!