АДБ Қазақстан экономикасын нығайтуға бағытталған $1 миллиард сомасындағы займды мақұлдады

Фотография - АДБ Қазақстан экономикасын нығайтуға бағытталған $1 миллиард сомасындағы займды мақұлдады

Азия даму банкі Қазақстанға қазіргі мәселелерге қатысты экономиканы нығайтуға бағытталған бағдарламаны іске асыруда көмек болатын $1 миллиард сомасындағы займды мақұлдады.

201 0

Азия даму банкі Қазақстанға қазіргі мәселелерге қатысты экономиканы нығайтуға бағытталған бағдарламаны іске асыруда көмек болатын $1 миллиард сомасындағы займды мақұлдады.

АДБ Орталық және Батыс Азия департаментінің бас экономисті Лотте Шоу-Зибель:

- АДБ-нің Контрциклдік қолдау қорынан бөлініп отырған бұл займ ел үшін мұнайға әлемдік бағаның төмендеуіне және көршілес мемлекеттерде экономикалық өсудің баяулауына болжанбаған теріс әрекетті жеңілдетуде қажетті қаржылық қолдау көрсетеді. Бұл үкіметке инфрақұрылымды жаңғыртуда және жұмыс орнын құру бойынша бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда, әлеуметтік қызметтер көрсетуде, аз қамтылған отбасыларды қолдауда және жеке секторды, атап айтқанда кіші бизнесті дамытуда көмек береді, - деді.

Бұл бағдарламаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан трансферлер, АДБ займы, сондай-ақ даму бойынша басқа серіктестердің ықтимал қаржыландыруы қолдау көрсетеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мемлекеттің мұнай кірістерін сақтайды, экономикалық тұрақтылықты қолдауға жібереді, сондай-ақ келер ұрпаққа қол жетімді етуін қамтамасыз етеді.

АДБ займы жуырда үкімет пен Ұлттық банктің еркін құбылмалы курсына және инфляциялық таргетирлеуге көшуден кейін экономиканы тұрақтандыру бойынша күш-жігерін қолдайды.

Айта кетейік, займ қаражаты АДБ-нің қарапайым капиталдық ресурстарынан әрбіреуі $500 миллион болатын екі траншпен бөлініп, басты реформаларды іске асыруда қолдау көрсетеді. Бұл займ 5 жылға ұсынылады, оның пайыздық мөлшерлемесі LIBOR плюс 200 базистік пункттер мөлшерлемесі негізінде АДБ несиелендіру құнынан белгіленеді.

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!