Ә.Исекешев: Дағдарысқа қарамастан, инвесторлармен жұмыстарды жалғастыра береміз

Фотография - Ә.Исекешев: Дағдарысқа қарамастан, инвесторлармен жұмыстарды жалғастыра береміз

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі "барлық туындаған қиыншылықтарға қарамастан, Елбасы айтқандай, индустрияландыру саясатын жаңа жағдайларға бейімдей отырып, жалғастыру қажет", деп есептейді

228 0

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі "барлық туындаған қиыншылықтарға қарамастан, Елбасы айтқандай, индустрияландыру саясатын жаңа жағдайларға бейімдей отырып, жалғастыру қажет", деп есептейді.

Министр Әсет Исекешевтің пікірінше, бүгінде инвесторлар мен технологияларды тарту бойынша жұмыстарды жалғастыру өте маңызды: әр тартылған миллион теңге, әр құрылған жұмыс орны басымдық берілген бағыт, деп хабарлайды ҰР ИДМ баспасөз қызметінен.

Жұмыстың бір бағыты - қайта инвестициялау. Қазақстанда жұмыс істейтін инвесторлар өндірісті кеңейтуді жалғастырып, өнім желісін кеңейтіп, жаңа өнімдерді шығаруы және өнімділік деңгейі жоғары жаңа сапалы жұмыс орнын ашуы қажет.

Осыған байланысты министрліктің жұмысы нәтижелерінің біріне жаңа жобаларға қайта инвестициялау бойынша инвесторлармен қол қойылған 20-дан аса жасалған келісімдер жатады. 

Мысал ретінде Алматы облысындағы қайта инвестициялау есебінен ашылған төрт өндіріс орнының іске қосылуын атап өтуге болады:

BTM Group компаниясының зауытында инвестициялардың жалпы көлемі 30 млн. АҚШ долларын құрайды, 2017 жылы 120 жұмыс орнын құрайды.

Екінші нысан - сүт өнімін шығаратын Danone зауыты, ҚР ҮИИДМБ іске асыру жылдарында кәсіпорынның қуаты 5 есеге артып, жылына 2 398 тоннадан 11 000 тоннаға дейін артты. Алдыңғы салынған қаражатты ескергендегі инвестициялардың жалпы көлемі 19 млн. АҚШ долларын құрады.

Ал «Алматы желдеткіш зауыты» ЖШС аумағында "LG Electroniсs Almaty Kazakhstan" АҚ-мен біріккен АЖЗ іске асыратын орталықтандырған кондиционерлерді өндірісі басталды. Жоба Қазақстан аумағында 3 сатыдан тұратын LG Electronics бренді арқылы шығатын құралды өндіруді жоспарлап отыр. Жобаға салынған инвестициялардың жалпы көлем 3,7 млн. АҚШ долларын құрайды.

Жаңа жоба іске қосылған төртінші жоба - "Galaksi Group" компаниясы. Индустрияландырудың бірінші бесжылдығында «Galaksi Group» компаниясы барлық өнім желісі бойынша өндірістік қуатты екі есеге артты. Егер 2010 жылы компания 178 жұмыс орнын қамтамасыз етсе, 2013 жылы 563 адамды жұмыспен қамтыды. Ал ағымдағы жылы 658 адам Galaksi Group компаниясында тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілді.

Жалпы алғанда, Инвестициялар және даму министрлігінде атап өткендей, Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібінде 126 шетелдік инвестор жұмыс істейді, олар 6 млрд. АҚШ доллары сомасына 150 жобаны іске асырып отыр және 20 мың жұмыс орнын қамтамасыз етуде.

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!