Ақтауда күн сайын азық-түлік жәрмеңкесі өткізілетін болады (ФОТО)

Фотография - Ақтауда күн сайын азық-түлік жәрмеңкесі өткізілетін болады (ФОТО)

11 шағын аудандағы "Ынтымақ" алаңында жергілікті азық-түлік өндірушілерінің жәрмеңкелері ашылады.

186 0

Ақтауда күн сайын азық-түлік жәрмеңкелері өтетін болады. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімі орынбасарының м.а. Бейсенғали Кенжалиев хабарлады.

Ертеңнен бастап 11 шағын аудандағы "Ынтымақ" алаңында жергілікті азық-түлік өндірушілерінің жәрмеңкелері ашылады. Олар 10.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс жасайды. Азық-түлікті қолжетімді бағаға жай күндері де сатып алуға болады. Аймақтың барлық кәсіпкерлері бізді қолдап, жәрмеңкеге қатысуға келісімін бергенін атап өткім келеді. "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы да өз өнімдерін ұсынады, - деді Бисенғали Кенжалиев.

Жергілікті билік бұл бастама бәріне қолайлы деп санайды: кәсіпкерлер тұрақты өткізу нарығын табады, тұрғындар тауарларды қолжетімді бағамен алып, үнемдеуге мүмкіндік алады. 

1 

2 

3



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!