KASE күндізгі сессиясының нәтижесі бойынша доллардың бағамы 226,70 теңгеге дейін өсті

Фотография - KASE күндізгі сессиясының нәтижесі бойынша доллардың бағамы 226,70 теңгеге дейін өсті

KASE таңғы сессиясының нәтижесі бойынша доллардың бағамы 218,61 теңге деңгейінде тұрған

277 0

KASE күндізгі сессиясының нәтижесі бойынша доллардың бағамы 226,70 теңге (сатып алу) және 230,00 (сату) деңгейінде, деп хабарлайды Today.kz.

Спот-нарықтағы саудаға KASE валюта нарығының 23 қатысушысы, своп-нарықта 19 қатысушы қатынасты.

Спот-нарықтағы соңғы келісім 247 200 доллар сауда көлемі бойынша доллар үшін 224,50 теңгені құрады. Сессияның жабылуы кезіндегі ең жақсы белгілеу доллар үшін – 226,70/230,00 теңге.

Ресей рубльінің орташа бағамы T+0 есебі бойынша 130 000 мың рубль көлеміндегі сауда бойынша рубль үшін 3,1796 теңгені құрады.

KASE таңғы сессиясының нәтижесі бойынша доллардың бағамы 218,61 теңге деңгейінде болған еді.

Естеріңізге салайық, 20 тамыз күні ҚР үкіметі әлемдік экономиканың нашарлауына байланысты теңгені еркін саудаға жіберу туралы шешім қабылдаған болатын. ҚР премьер министрі Кәрім Мәсімовтың пікірінше теңгенің қалыпты бағамы таяудағы бес-жеті күнде орнығады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!