Қазiр барлық есеп-қисапты теңгемен жүзеге асырған жөн - Н.Радостовцев

Фотография - Қазiр барлық есеп-қисапты теңгемен жүзеге асырған жөн - Н.Радостовцев

Инфляциялық таргеттеу - бұл тек қаржылық саясат емес, бұл - мүлде жаңа экономикалық саясат.

252 0

 Инфляциялық таргеттеу аясында доллардан барынша алшақтап, есеп-қисапты теңгемен жүзеге асырған жөн. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифинг барысында тау-кен және тау-металлургия кәсiпорындары Республикалық қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовцев мәлiм еттi.
"Инфляциялық таргеттеу - бұл тек қаржылық саясат емес, бұл - мүлде жаңа экономикалық саясат. Бұл жаңа экономикалық саясатты әрқайсымыз түсiнуiмiз керек.  Жалпы, қазiр бiз барынша доллардан алшақтағанымыз жөн болады. Барлық есеп-қисапты теңгемен жүзеге асырған дұрыс. Сол арқылы отандық өнiмдi қолдау керек. Себебi, сауданың бәрiн доллармен теңестiру - ол экономикалық ойлаудың ескi түрi. Оның үстiне, қазiр ҚР Үкiметi Түркия, Ресей, Бразилия сияқты елдердiң тәжiрибесiне сүйене отырып, iс-шаралар кешенiн әзiрлеп жатыр. Сол шаралардың бiрi - табиғи монополиялардың бағасын өсiрмеу. Бұл шараны мiндеттi түрде қолға алу керек.  Мысалы, Ресей рублінiң бағамы түскен кезде ең алдымен табиғи монополиялардың бағасын ұстап тұрды. Яғни, олар газ тасымалдаудың, мұнай тасымалдаудың, электр қуаты мен темiр жол тасымалының тарифтерiн бiр жылға шегерiп, арзандатты. Бұл тәжiрибенi Қазақстанның да қолданғаны дұрыс болады, мұны түсiнуiмiз керек",-дедi маман.

Оның айтуынша, электр қуаты, темiржол тасымалы сияқты салалардағы "Кегок", "Қазақстан темiр жолы" сынды компаниялар келесi жылдан бастап бағаны қымбаттатпақ болғаны белгiлi болып отыр.

Қазiр Үкiмет осы компанияларға көмектесу шараларын қарастырып жатыр. Ең басты мiндет - олардың бағаны қымбаттатуына жол бермеу",-дедi Н.Радостовцев.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!