Ақша-несие саясаты енді инфляция деңгейін төмендетуге негізделеді – Ұлттық банк

Фотография - Ақша-несие саясаты енді инфляция деңгейін төмендетуге негізделеді – Ұлттық банк

Еліміздің жаңа ақша-несие саясаты валюта бағамына емес, енді инфляция деңгейін төмендетуге бағытталады.

1587 0

Еліміздің жаңа ақша-несие саясаты валюта бағамына емес, енді инфляция деңгейін төмендетуге бағытталады. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Ұлттық банктiң мемлекеттiк органдармен жұмысты үйлестiру жөнiндегi департамет директоры Бақытжан Сәреев мәлiм еттi, деп хабарлайды BNews.kz
"20 тамыздан бастап Ұлттық банк жаңа ақша-несие саясатын қолға алды. Жаңа несие саясатының, яғни, инфляциялық таргеттеудiң мәнi – инфляцияны көздеу саясатына көшу. Инфляцияны көздеу саясатына көшу барысында 20 тамыздан бастап теңге бағамын еркін айналымға жiбердiк. Теңге бағамы алғашқы күндерден бастап бiр доллар үшiн 255-258 теңге, қазiр 239-241 теңге аралағында жүр. Инфляцияны бақылау саясатының негiзгi мәнi – 2020 жылға дейiн бағаны тұрақтандырмақшымыз", - деді Б.Сәреев. 

Оның сөзінше, бағаны тұрақтандырып, қымбаттауға жол бермеу үшiн 2020 жылға дейiн жылдық инфляцияны 3-4 пайызға дейiн төмендету көзделіп отыр. 

"Жуық арада, яғни, 2016-2017 жылдары инфляция деңгейiн 6-8 пайызға жеткiзбекшiмiз. Барлық ақша-несие саясаты ендi соған бағытталатын болады. Бұған дейiн ақша-несие саясаты валюта бағамына негiзделiп келсе, қазiрден бастап инфляцияны 6-7 пайыз деңгейiнде, келешекте 3-4 пайызда ұстап тұруға бағытталатын болады", - деп толықтырды ол.
 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!