Ұлттық банк халықты ақша айырбастауға жүгірмей, Конституция күнін алаңдамай тойлауға шақырды

Фотография - Ұлттық банк халықты ақша айырбастауға жүгірмей, Конституция күнін алаңдамай тойлауға шақырды

Ұлттық банк басшылығы ел халқын алдағы демалыс күндері ақша айырбастауға жүгірмей, Конституция күнін алаңдамай тойлауға шақырды.

173 0

Ұлттық банк басшылығы ел халқын алдағы демалыс күндері ақша айырбастауға жүгірмей, Конституция күнін алаңдамай тойлауға шақырды. 

"Әрбір ақша айырбастау пунктінде айырбас бағамын белгілеу уақыты бойынша бекітілген талап бар. Айырбас бағамы валюта нарығы және ішкі биржа жұмыс істеп тұрғанда белгіленуі тиіс. Сағат кешкі 18.00-ден кейін ақша айырбастау орындары айырбас бағамын өзгерте алмайды, мұнымен қатар бағамды демалыс күндері өзгертуге құқығы жоқ", - деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық банк басқармасы төрағасының орынбасары Олег Смоляков. 

О.Смоляковтың айтуынша, жалпы алғанда, қазір елімізде мереке қарсаңында жағдай тұрақты.

"Демалыс күндеріндегі айырбас бағамы жұма күні өтетін биржадағы сауда-саттық нәтижесі бойныша бекітіліп, үш күн бойы сақталады", - деп толықтырды ол.

Ұлттық банк басшылығы қазақстандықтарды алдағы демалыс күндері ақша айырбастауға жүгірмей, Конституция мерекесін алаңдамай тойлауға шақырды.

"Біз халықты мерекені қамсыз тойлауға шақырамыз. Жалпы алғанда, бір аптада доллар бағасы 240 теңге шамасында тұрақтанып отыр. Қыркүйектің басында айырбас бағамының шұғыл өсуі не төмендеуі болмайды деп күтілуде", - деп қосты өз кезегінде Ұлттық банк басқармасы төрағасының орынбасары Нұрлан Құсайынов.

 

BNews.kz

 


Тегтер:

Ұлттық банк

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!