Ақтөбеде жергілікті бюджет туралы ақпарат ашық емес

Фотография - Ақтөбеде жергілікті бюджет туралы ақпарат ашық емес

Ақтөбе облысының жергілікті бюджетті жариялау индексі 39,02 пайызды құрады. Бұл туралы "Бюджетті талдау және экономикалық мониторинг орталығы" қоғамдық қоры жүргізген зерттеу нәтижесінде белгілі болды.

627 0

Ақтөбе облысының жергілікті бюджетті жариялау индексі 39,02 пайызды құрады. Бұл туралы "Бюджетті талдау және экономикалық мониторинг орталығы" қоғамдық қоры жүргізген зерттеу нәтижесінде белгілі болды, деп хабарлайды Bnews.kz.

Сауалнама тұрғындар арасында жүргізілді. Олардан бюджет жобасын жоспарлау және дайындау, бюджетті бекіту, бюджеттің орындалуы мен қаржының жұмсалуы туралы есеп беру индексін жариялау жайы сұралған.

"Жергілікті бюджет ашықтығының индексі жеке бюджеті бар облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың маңызды және ықпалды құралы болып есептеледі. Бұл зерттеу арқылы өңірлер арасындағы айырмашылықты біліп, ақпараттың айқындығын қамтамамыз етуге жергілікті билікті уәждеуге мүмкіндік береді",- дейді "Бюджеттік талдау және экономикалық мониторинг орталығы" ҚҚ атқарушы директоры Ұлықбек Тінәлиев.

Зерттеу арқылы тұрғындарды белсенділікке, қаржыны бөлуге атсалысуға шақырылады. Бұл тек ашықтық, айқындылық болған жағдайда ғана іске асатын шаруа.

Қоғамдық қор ұсынған мәліметке сүйенсек, бюджет жобасын жоспарлау және дайындау 18,69 балл, бюджетті қарау және бекіту 42,45 балл, бюджеттің орындалуы туралы есеп беру 39,36 балл болған.

"Біз әкімдік үшін бюджетті жоспарлау кезінде қоғамды тарту, атқарылған іске есеп беру кезінде үкіметтік емес ұйымды қатыстыруды ұсындық. Сонымен қатар, мәслихат бюджетті бекітпес бұрын тұрғындарға бюджет туралы мәліметті жеткізуі қажет. Қоғамдық тыңдау, талқылау, пікір алмасу кезінде жаңа технологияны пайдаланған жөн",- дейді Ұлықбек Тінәлиев.

Зерттеу қорытындысына бойынша, Шығыс Қазақстан облысы 62,51 балл, Шығыс Қазақстан 44,57 балл, Ақмола облысы 43,81 балл жинады. Зерттеу 14 облыспен қатар Астана, Алматы қалаларында жүргізілді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!