Азия биржаларында көрсеткіштер тағы төмендеді

Фотография - Азия биржаларында көрсеткіштер тағы төмендеді

Азия қор нарығында әзірге өсім байқалар емес.

146 0

Азия қор нарығында әзірге өсім байқалар емес.

 

Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея биржаларында көрсеткіштер бүгін тағы төмендеп жатыр. Таңертеңгісін сауда-саттық басталған бойда Шанхай Композиттің индексі 2%-ға құлдырады. Тайвань қор биржасында да акциялар 1,5%-дан аса арзандады. Салдарынан тоқыма құрал-жабдықтары, автокөлік және құрыш құю өндірісімен айналысатын компаниялар едәуір пайдадан қағылды. Қытай экономикасының бәсеңдеп қалғаны Токио қор нарығына да кері әсерін тигізуде. Nikkeiиндекстері таңертегі сессияда 2%-дан астам төмен көрсеткішпен жабылды. Ал Оңтүстік Кореядағы қор нарығының әлсіреуіне өзге жағдай себеп. «АҚШ пайыздық мөлшерлемелерді көтеруі мүмкін» деген болжамның әсерінен KOSPI-дің көрсеткіштері 0,45%-ға азайған.

 

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!