Теңге бағамының еркін болуы халықаралық жағдайда қалыпты

Фотография - Теңге бағамының еркін болуы халықаралық жағдайда қалыпты

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Бекенов теңге бағамының еркін болуы халықаралық жағдайда қалыпты деп бағаланатындығын мәлімдеді.

144 0

 Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Бекенов теңге бағамының еркін болуы халықаралық жағдайда қалыпты деп бағаланатындығын мәлімдеді.

- Халықаралық нарықтық жағдайға келетін болсақ, қай мемлекет болса да өз валютасының бағамын еркін ұстауын әлемдік деңгейдегі сарапшылар жөн деп санайды. Сол секілді көптеген сарапшылар біздің елдегі бұл жаңдайды өте орынды деп, оң пікірлерін білдіріп жатыр. Ал енді теңге бағамын еркіндікке жіберіп, ел экономикасын жаңа бағытта жетілдіруге көшкеніміз отандық кәсіпорындар үшін де тиімділігі мол болмақ. Әсіресе, өз тауарларын шетелдерге экспорттайтын компаниялар мұндай қадамды құп көруде, - дейді депутат.

Осылайша, отандық кәсіпорындар өнімдерінің сапасын арттыру арқылы бәсекеге қабілеттіліктерін жетілдіретіндігіне тоқталды.

- Отандық компаниялар ендігі жерде шет елдермен қарым-қатынасты тереңдетуде мемлекетпен өзара мүдделес екендігін жақсы ұғына түсетіндігі сөзсіз. Себебі, өнім сапасы жоғары болса, біз халықаралық деңгейге еркін шыға алатын боламыз, - дейді ол. 
 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!