Канадада Nexen мұнай-газ компаниясының 95 құбыр желісі жабылады

Фотография - Канадада Nexen мұнай-газ компаниясының 95 құбыр желісі жабылады

Альберта провинциясының энергетика басқарушы мекемесі осындай шешім қабылдады. Сонымен бірге 15 лицензия бойынша кәсіпорынның қызметі де тоқтатылады.

145 0

Альберта провинциясының энергетика басқарушы мекемесі осындай шешім қабылдады. Сонымен бірге 15 лицензия бойынша кәсіпорынның қызметі де тоқтатылады.

Бұған 5 млн литр битум қоспасының, құм мен мұнайдың төгілуі себеп болды. Бұл апат маусым айында орын алған. Алайда қадағалаушы органдар тексеріс аяқталғанын күтіп, енді оның нәтижесі бойынша қатаң жаза тағайындап отыр. Бүгінде оқиға орнында төгілген қара алтынды жою жұмыстары жүріп жатыр. СВС таратқан ақпаратқа сенсек, Nexen компаниясы жоғары қысымды құбырларды былтыр болған апаттың орнына орнатқан.

 Фанг Жи, Nexen компаниясының бас директоры: - Қазір біз ең алдымен жұмысшыларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек. Сондай-ақ, қоршаған орта мен табиғатқа келтіретін қауіп-қатерді барынша азайтуға тырысамыз.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!