ХВҚ Қазақстандағы жаңа экономикалық саясатын оң бағалап отыр

Фотография - ХВҚ Қазақстандағы жаңа экономикалық саясатын оң бағалап отыр

ХВҚ Қазақстандағы жаңа экономикалық саясатын оң бағалап отыр. Бұл туралы бүгін Халықаралық валюта қорының Орталық Азия мен Таяу Шығыс елдері департаментінің директоры Масуд Ахмед мәлім етті.

359 0

ХВҚ Қазақстандағы жаңа экономикалық саясатын оң бағалап отыр. Бұл туралы бүгін Халықаралық валюта қорының Орталық Азия мен Таяу Шығыс елдері департаментінің директоры Масуд Ахмед мәлім етті. 

"Бүгін Қазақстан Премьер-Мbнистрімен кездесу мүмкіндігі болды, сондай-ақ кеше ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетовпен және өзге де әріптестеріммен пікір аламасып, Қазақстандағы экономикалық жағдайдың мәселелерін талқыладық. Барша әлем мен өңірдегі экономикалық даму тұрғысында, Қазақстан да мұнай бағасының төмендеуі секілді сыртқы әсерлерді сезініп отыр. Сонымен қатар Ресей және Қытай секілді елдерде даму қарқынының бәсеңдеуі, ақша бағамының өзгеруі факторлары Қазақстанға әсерін тигізді. Осы орайда қысқа мерзімдегі уақыт аралығында елдеріңіздің экономикалық  дамуына ықпалы болатыны анық", - деді ХВҚ депатартаментінің басшысы. 

Бұл тұрғыда  Масуд Ахмед ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық банкі реформаларды жүзеге асыру жолымен проблемаларды шешуі Қазақстанның дұрыс бағытта дамып келе жатқандығын, бұл өз кезегінде қазіргі заманғы әртараптандырылған экономикаға алып келетіндігін атап өтті. 

"Қазақстан бұның алдындағы даму қарқынына қайта оралатын болады. Атап айтқанда, дамудың бұл үрдісі ел халқының әл-ауқатын арттырып, экономикалық өсімді қамтамасыз ете алатыны сөзсіз", - деді ХВҚ өкілі.

Естеріңізге сала кетейік,  ҚР Ұлттық банкі мен Үкіметі 2015 жылдың 20 тамызынан бастап, инфляциялық таргеттеу режіміне, валюталық дәлізді алып тастауға және айырбас бағамын еркіндікке жіберуге көшуге негізделген жаңа ақша-несие саясатын жүзеге асыруға кірісу шешімін қабылдады.

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!