Елбасының Қытайға сапары экономикалық тұрғыдан табысты болды - Е.Қарин

Фотография - Елбасының Қытайға сапары экономикалық тұрғыдан табысты болды - Е.Қарин

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық республикасын жасаған сапары экономикалық тұрғыдан табысты болды дейді ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин

132 0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық республикасын жасаған сапары экономикалық тұрғыдан табысты болды дейді ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин.

 

- Мемлекет басшысының бұл сапары екі тарап үшін де тиімді болды. Әсіресе, біздің ел үшін табысты аяқталғанын аңғару қиын емес. Мен оны негізгі үш салаға байланысты жасалған келісімдермен тікелей байланыстырамын. Оның біріншісі - бірлесіп автокөлік өндірісін қолға алу болса, екішісі - көмірді өңдеу арқылы синтетикалық өнімдер алу, үшіншісі - мұнай саласына қатысты жобаларды бірлесіп жүзеге асыру, - дейді танымал сарапшы.

Оның айтуынша, қазақ-қытай қарым-қатынасы соңғы уақытта заман талабына сай қарыштап дамып келеді.

- Қытай Қазақстан үшін алып нарық. Қойнауы шикізатқа толы Қазақстан үшін әлемдегі алып нарыққа ие елмен терең қарым-қатынас орнату біздің пайдамыз деп пайымдауға әбден болады. Себебі, өз жерімізде кәсіпорындар салынып, оған жаңа технологияларды әкелуде Қытай елінің әлеуетін пайдалану қай жағынан болса да тиімді болмақ, - деп сөзін түйді Е.Қарин. 

 

baq.kz

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!