БҚО бюджеті 3 млрд. 526,5 млн. теңгеге нақтыланды (ФОТО)

Фотография - БҚО бюджеті 3 млрд. 526,5 млн. теңгеге нақтыланды (ФОТО)

Бүгін өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс 27-сессиясында БҚО бюджеті 3 млрд. 526,5 млн. теңгеге нақтыланды

310 0

Бүгін өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс 27-сессиясында БҚО бюджеті 3 млрд. 526,5 млн. теңгеге нақтыланды.

Сессияда облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Бибігүл Қонысбаеваның мәлім еткеніндей, соның ішінде кірістер бойынша 3 млрд. 207,5 млн. теңге, басқа түсімдер бойынша 8,8 млн. теңге және босатылған қаражаттар бойынша 314 млн. теңге, сонымен қатар республикалық бюджеттен мақсатты трансферттердің азайтылуына байланысты 3,7 млн теңге шамасында өзгерістер енгізіліп, бюджет ұлғайтылды. Атап айтқанда, мәдениет және спорт саласына - 128,3 млн. теңге, білім саласына - 100,7 млн. теңге, денсаулық сақтау саласына - 189,2 млн. теңге, жергілікті бюджеттер есебінен басталған жобалардың аяқталуына - 1024,6 млн. теңге, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарын жалғастыруға - 200 млн. теңге, "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020", "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламалары, тұрғын үй құрылысы бойынша республикалық бюджеттен берілген мақсатты трансферттерді қоса қаржыландыруға 1542,3 млн. теңге бөлінді. Елбасы тапсырмаларына сәйкес қаржы басымдық сипаттағы әлеуметтік мәселелерге, басталған нысандардың аяқталуы мен жалғастырылуына, республикалық бюджеттен берілген мақсатты трансферттерді қоса қаржыландыруға бағытталған. Мысалы, нақтыланған қаражат Орал қаласында салынып жатқан Достық үйінің құрылысын бітіруге, мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес тұрғын үй салуға, Сырым, Қаратөбе және Шыңғырлау аудандарында елді мекендерді газдандыруға жұмсалмақ. Осындай өзгерістерге орай облыстық бюджет кірістер мен шығындар бойынша 114 млрд. 629,2 млн. теңгені құрады.

null

 null 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!