Қарағанды облысында ішкі туризм 8,9 пайызға өсті

Фотография - Қарағанды облысында ішкі туризм 8,9 пайызға өсті

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" Жолдауында Қазақстанның инфрақұрылымдық дамуының маңыздылығын атап өткен.Жеке бағыты - туризм үшін инфрақұрылым.

484 0

Қарағанды облысында бірінші жартыжылдықта ішкі туризмнің 8,9 пайызға өскен. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Татьяна Абылаева хабарлады.

"Мемлекет басшысы Қазақстан халқына "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" Жолдауында Қазақстанның инфрақұрылымдық дамуының маңыздылығын атап өткен. Жеке бағыты - туризм үшін инфрақұрылым. Оның басты артықшылығы одан да көп жұмыс орындарын құру мүмкіндігі болып отыр. Бұл салада бір жұмыс орнын құру өнеркәсіпке қарағанда 10 есе арзан", - деді облыс әкімдігіндегі аппарат кеңесінде сөз сөйлеген Т.Абылаева.

Баяндамада атап өтілгендей, бірінші жартыжылдықта облыста туризм инфрақұрылымына 199 қонақүй, мотель, жазғы аймақтар мен лагерьлер, демалыс үйлері мен басқа да нысандар кірген. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда олардың саны 12,4 пайызға өсті.

"Келушілердің саны 115,5 мың адамды құраған, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6,8 пайызға өсті. Жалпы санның 94 пайызы - республика тұрғындары, қалған 6 пайызы - шетел азаматтары. Бұл ретте ішкі туризм бойынша 8,9 пайыздық өсім атап өтіледі", - деп хабарлады кәсіпкерлік басқармасының басшысы.

Есеп беру мәліметтерінше, орналастыру саласындағы қызмет көлемі 1,5 млрд. астам теңгені құраған, бұл 2014 жылдың бірінші жартыжылдығының көрсеткішіне қарағанда 12,4 пайызға асып отыр. "Бұл өсімге орналастыру нысандарын салуға арналған жекеменшік инвестицияларды тарту, жобаларды "Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдау, сондай-ақ өткізіліп отырған жарнамалық-имидждік шаралар септігін тигізіп отыр", - деді Т.Абылаева.

Ол жыл басынан бері орналастыру нысандарының құрылысы бойынша 11 жоба іске асырылғанын хабарлады, соның ішінде жалпы сомасы 440 млн. астам теңгені құрайтын 5 жоба «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша қолдау алды.

"Приозерск қаласынан 5 шақырым жерде 150 адамға арналған "Балқаш" шипажайының ашылуы жылдың маңызды оқиғаларының бірі болды. Жобаның жалпы құны 5 млрд. теңгеден асты, бұл республикалық бюджеттің қаражаты болды. Аталған жобаны іске асыру туристер ағынын өсіруге септігін тигізіп, аймақ кәсіпкерлігін белсендетуге ынталандыру болмақ", - деп қосып өтті Т.Абылаева. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!