Қазақстанда 2016 жылы 77 млн тонна мұнай өндіріледі

Фотография - Қазақстанда 2016 жылы 77 млн тонна мұнай өндіріледі

Қазақстанда 2016 жылы 77 млн тонна мұнай өндіріледі. Бұл осыған дейін болжанған көлемнен 3,8 млн тоннаға аз.

420 0

Қазақстанда 2016 жылы 77 млн тонна мұнай өндіріледі. Бұл осыған дейін болжанған көлемнен 3,8 млн тоннаға аз. Бүгін Мәжілісте 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстыру барысында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайынов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Энергетика министрлігінің болжамы бойынша мұнай өндіру көлемі 2016 жылы 77 млн тоннаны құрайды, 2020 жылы өндірілетін мұнай көлемі 92 млн тоннаға дейін ұлғаяды. Бұл бұрын болжанған деректерден тиісінше 3,8 млн тонна және 12 млн тоннаға аз", - деп баяндады М.Құсайынов.

Вице-министрдің сөзінше, 2016 жылы өнеркәсіп көлемі ағымдағы жылдың деңгейінде сақталып, 2017-2020 жылдары 1,7-ден 3,8 пайызға дейін өседі. Ал ауыл шаруашылығы жалпы көлемінің орташа жылдық өсімі 2016-2020 жылдары 2,8 пайызды құрамақ.

"Тауарлар экспорты 2016 жылы алдыңғы кезеңге қатысты 14,8 пайызға төмендеп, кейін мұнай экспортының нақты көлемінің ұлғаюы нәтижесінде 2017-2020 жылдары 4,4-тен 7 пайызған дейін өседі. Тауарлар импорты 2016 жылы 28 млрд доллардан 2020 жылы 33,5 млрд долларға дейін өседі деп болжанып отыр", - деп толықтырды М.Құсайынов



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!