Екінші дәрежелі банктер теңгелік депозиттерге өтемақы төлеу бойынша салымшылардан өтінім қабылдай бастады

Фотография - Екінші дәрежелі банктер теңгелік депозиттерге өтемақы төлеу бойынша салымшылардан өтінім қабылдай бастады

Қазақстанда екінші дәрежелі банктер теңгелік депозиттерге өтемақы төлеу тәртібі бойынша салымшылардан өтінім қабылдай бастады. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен хабарлады.

302 0

Қазақстанда екінші дәрежелі банктер теңгелік депозиттерге өтемақы төлеу тәртібі бойынша салымшылардан өтінім қабылдай бастады. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"ҚР Ұлттық банкі өзінің 2015 жылдың 9 қыркүйегінде шығарған "Еркін өзгермелі айырбастау бағамы режіміне өтуге байланысты жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгеде) ашылған депозиттері бойынша өтемақы төлеу тәртібін бекіту туралы" қаулысын жүзеге асыру бойынша екінші дәрежелі банктермен кездесу өткізді", - делінген хабарламада.   

Екінші дәрежелі банктер өкілдерінің айтуынша, олардың сайттарында депозиттер бойынша өтемақы төлеу тәртібі жазылып қойылды. Сонымен қатар, салымшыларға ақыл-кеңестер беру жөніндегі менеджерлер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді және жоғарыдағы Тәртіп аясында салымшылардан өтінім қабылдау жұмыстары басталды.

ҚР Ұлттық банкі тарапынан екінші дәрежелі банктерге салымшылардан өтінім қабылдауға оңтайлы жағдай жасау керектігі, осы бағытта жұмыстарды жандандыру және Тәртіпті жүзеге асыру бойынша уәкілетті органға күн сайын есеп беріп тұру керектігі тапсырылды.

Сондай-ақ, бұдан былай осы мәселе бойынша екінші дәрежелі банктермен тұрақты түрде кездесу өткізіліп тұратын болады.  

Айта кетелік, Тәртіп бойынша өтемақы сомасы арнайы формула бойынша анықталады. Ол ұлттық валютаның долларға қатысты 2015 жылдың 18 тамызындағы және арнайы шотқа аударылған депозиттің мерзімі аяқталған күніндегі бағамының айырмашылығы ретінде есептеледі. Алынған коэфициент салымның қалдығына көбейтіледі. Бұл жерде салымның сомасына банк депозитінің келісімшартына сәйкес, мөлшерлеме тағайындалады. 

Егер банк өтемақы төлеуден бас тартатын болса, салымшы ҚР Ұлттық банкінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі департаментіне жүгіне алады.

Айта кетелік, өтеамақы бойынша екінші дәрежелі банктерден және ҚР Ұлттық банкінің Алматы қ., Әйтеке би көшесі 67 мекенжайында орналасқан аумақтық филиалындағы Қоғамдық қабылдаудан алуға және мына телефондарға хабарласуға болады: +7 (727) 2 788 085, 2 788 008



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!