Астанада бөлшек сауда айналымының көлемі ұлғайды

Фотография - Астанада бөлшек сауда айналымының көлемі ұлғайды

Астана қаласы Статистика департаментінің хабарлауынша, 2015 жылғы қаңтар-тамыз айларында бөлшек сауда айналымының жалпы көлемі барлық өткізу арналары бойынша нақты бағамен 413791,7 млн теңгені құрады және 2014 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда салыстырмалы бағада 3,7% артты

640 0

Астана қаласы Статистика департаментінің хабарлауынша, 2015 жылғы қаңтар-тамыз айларында бөлшек сауда айналымының жалпы көлемі барлық өткізу арналары бойынша нақты бағамен 413791,7 млн теңгені құрады және 2014 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда салыстырмалы бағада 3,7% артты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

2015 жылғы қаңтар-тамызда ресми тіркелген кәсіпорындарда бөлшек сауда айналымының көлемі 294667,6 млн теңгені құрады, бұл 2014 жылдың сәйкес мерзіміндегі деңгейден салыстырмалы бағада 7,2% артық.

Таратылған мәліметтерге сәйкес, көтерме сауда желісі арқылы 2015 жылғы қаңтар-тамызда 1790224,4 млн теңгенің тұтыну тауарлары мен өндірістік-техникалық бағыттағы өнімдері сатылды, бұл өткен жылдың сәйкес мерзіміндегі көлемнен 7,9% жоғары.

Қоғамдық тамақтану саласында 20131,2 млн теңге көлемінде қызмет көрсетілді, бұл 2014 жылдың сәйкес мерзіміндегі деңгейден 7,6% артық. Автомобильдерге, мотоциклдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметтер көлемі 3502 млн теңгені құрады, бұл 2014 жыдың сәйкес мерзіміндегі деңгейден 2,2% жоғары.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!