Алматы прокуратурасы салықтан жалтарудың тағы бір тәсілін әшкереледі

Фотография - Алматы прокуратурасы салықтан жалтарудың тағы бір тәсілін әшкереледі

Алматы прокуратурасы салық саласында дау-дамай туғызып отырған салықтан жалтарудың тағы бір тәсілін әшкереледі.

357 0

Алматы прокуратурасы салық саласында дау-дамай туғызып отырған салықтан жалтарудың тағы бір тәсілін әшкереледі. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. 

Нақтырақ айтсақ, салық төлеуге міндетті азаматтар өзара мәмілені жоққа шығару арқылы салықтан жалтаруды әдетке айналдырған.
Заң бойынша жылжымайтын мүлікті сату туралы келісімнен соң 1 жыл арасында сатушы мүліктің өскен құнынан салық төлеуге міндеттеледі. Бұл өсім сауда айырмасынан есептеледі.

Бұл жағдайда салық органдары мәмілегерге хат жібереді. Бірақ тараптар өзара келісімге сәйкес осыдан біраз бұрын жүзеге асқан мәмілені жоққа шығару туралы сотқа арыз түсіреді.

Осылайша, бірқатар салық төлеуші сот актісіне сүйеніп, салықтан жалтарып келген. Мәселен, Алатау аудандық сотының шешімі апелляциялық шағымға сәйкес қайтарылды. Осылайша, мемлекет қазынасына 3 489 433 теңге қайтарылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!