Астанада тасымалданған жүк көлемі 4 пайызға артты

Фотография - Астанада тасымалданған жүк көлемі 4 пайызға артты

2014 жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда тасымалданған жүк көлемі 4%-ға артқан

130 0

Астана қаласы Статистика департаментінің мәліметі бойынша, 2015 жылғы қаңтар-тамызда қалалық көлікпен (жүк автокөлігі бар және коммерциялық тасымалмен айналасатын көліктік емес ұйымдар мен жеке тұлғалардың жүк тасымалдау көлемін бағалауды қоса алғанда) 85289,2 мың тонна жүк тасымалданды, сонымен бірге жалпы жүк айналымы 5464,5 млн тонна км құрады. Бұл жайында Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2014 жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда тасымалданған жүк көлемі 4%-ға артқан.

Жеке кәсіпкерлердің тасымалын қосқанда, қалалық автомобиль көлігімен 2015 жылғы қаңтар-тамызда 1483,7 млн жолаушы, соның ішінде қалалық көліктік кәсіпорындармен 315,5 млн адам (21,3%), жеке кәсіпкерлермен 1168,2 млн адам (78,7%) тасымалданды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!