Автонесиеге бөлінген 15 млрд. теңгенің 70 пайызы игерілді

Фотография - Автонесиеге бөлінген 15 млрд. теңгенің 70 пайызы игерілді

Қазақстанның екінші деңгейлі банктері жеңілдікті автонесиеге бөлінген қаражаттың 70 пайызға жуық сомасын игеріп үлгерді

295 0

Қазақстанның екінші деңгейлі банктері жеңілдікті автонесиеге бөлінген қаражаттың 70 пайызға жуық сомасын игеріп үлгерді. Бұл туралы бүгін ОКҚ өткен брифингте ҚР Инвестиция және даму министрлігі индустриалық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Аманияз Ержанов мәлім етті.

"Автонесиені жеңілдікпен беру мақсатында бөлінген 15 млрд. теңгенің 68,8 пайызы игерілді", - деді ол.

Жеңілдікпен автонесие беру бағдарламасының операторы Қазақстанның даму банкі болып табылады. ҚДБ екінші деңгейлі банктерге келіп түскен өтініштерді қарастырып, оның  отандық көліктерге үлестірілуін қадағалайды. Ал екінші деңгейлі банктер несие алушылардың қаржылық қабілетін саралайды. Айта кетейік, несиенің номиналды пайыздық мөлшерлемесі 4 пайыздан аспайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!