Жарты күнде доллар 13 теңгеге арзандады

Фотография - Жарты күнде доллар 13 теңгеге арзандады

Доллардың бағамы 255,00/257,00 теңгені құрады

212 0

KASE күндізгі сессиясының нәтижесінде Т+0 есебі бойыншап доллардың орташа бағамы 255,00/257,00 теңгені құрады. Осы арқылы ол таңғы бағамнан 13 теңгеге төмен құлдырады, деп хабарлайды Today.kz Қазақстан қор биржасына сілтеме жасай отырып.

Сауда көлемі 101,4 миллион долларды құрады. Спот-нарықтағы саудаға KASE валюта нарығының 23 қатысушысы қатынасты, ал своп-нарықта – 20.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы келісім АҚШ долларына 260,00 теңгені құрады, сайда көлемі 101 400 мың доллар. Сессияның жабылу сәтіндегі ең жақсы баға белгілеу – бір АҚШ долларына 255,00/257,00 теңге.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!