Электр энергетикасы саласындағы тарифтік саясат өзгеретін болады

Фотография - Электр энергетикасы саласындағы тарифтік саясат өзгеретін болады

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады.

470 0

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады.

Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасы аясындағы "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталған заң жобасы еліміздегі электр энергетикасы саласын жетілдіруге бағытталады.

Бұл ретте біртұтас электр энергетикалық жүйесінің жүктеме көтеруге әзірлігін қолдау үшін бірыңғай сатып алушы құрылатыны көзделеді. Сонымен қатар, электр энергиясының орталықтандырылған импорты мен экспортын жүзеге асыру үшін Ұлттық оператор институты енгізілмек.

Бұдан бөлек, заң жобасында саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында электр энергетикасы саласындағы тариф саясатын өзгерту ұсынылады. "Бүгінгі қолданыстағы электр энергетикасына тариф екі бөлікке бөлінеді. Біріншіден, бұл ауыспалы бөлік, онда электр энергиясын өндіруге кеткен шығынның өтелімділігі қамтылады. Екіншіден, тарифтік қуаттылық бойынша тұрақты бөлік. Ол электр қуаттарының жаңа нысандарын салумен қатар, қолданыстағы нысандарды жаңғырту арқылы инвестициялық шығындардың қайтарымдылығына негізделеді", - дейді заң жобасы бойынша баяндаған Энергетика министрі Владимир Школьник.

Айта кетерлігі, заң жобасы аясында электр энергиясы нарығының айқындылығы мен тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін Нарық кеңесін құру қарастырылады. Тұтастай алғанда, заң жобасы энергия өндіруші ұйымдар үшін инвестицияларды қайтарудың ұзақмерзімді кепілдіктерін қамтамасыз етуге жағдайлар жасамақ. Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жолданады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!