Қазақстанда демалыс және еңбек уақытынан тыс төлемдерін төмендетпейтін болды

Фотография - Қазақстанда демалыс және еңбек уақытынан тыс төлемдерін төмендетпейтін болды

Коэфицент бұрынғысыншы 1,5 деңгейінде қалады

284 0

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі "Нұр Отан" партиясының ҚР жаңа Еңбек кодексінің жобасында еңбек уақытынан тыс, түнгі уақытта, мерекелік және демалыс күндері еңбекақының коэфицентін көтеру туралы ұсынысын қабыл алды, деп хабарлайды Today.kz.

ҚР еңбек кодексінің жобасын талқылау барысында "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов құжаттың бірқатар ережелері үлкен дау туғызады.

"Егер алында еңбекақы екі есе көлемде төленсе, жаңа редакцияда заң жүзінде 1,25 есені заң жүзіне бекіту ұсынылады, ал бұдан жоғары қою ұжымдық келісімдер қарауында қалады. Үкімет ұсынған дәл осы норма тұрғындар арасында келіспеушілік пен талқылаулар тудырды", -деді  Асқар Мырзахметов.

Сондай-ақ ол партияға азаматтардан көптеген ұсыныстар келіп түсіп жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Еңбек кодексінің жобасын қорғай отырып, еңбек уақытынан тыс жұмысқа төлем (1,5 ставаканы сақтау) жұмысшылардың денсаулығына кері әсер етеді деп өз пікірін білдірді.

Оның айтуынша, өткізілген жұмыс нәтижесінде министрлік еңбек уақытынан тыс, түнгі уақытта, мерекелік және демалыс күндерінің төлемі 1,5-нан төмен емес коэфицентте бекітіледі.

"Бұл дегеніміз осы 1,5 деңгейінде болатынын білдіреді. Бұл жұмыс беруші және жоғарырақ шендегі қызметкерлер рұқсатымен болады. Бұл минималды мән", - деп нақтылады министр.


Тегтер:

еңбекақы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!