Ауыр жұмыс істейтін жұмысшылар енді 55 жастан зейнетке шыға алады

Фотография - Ауыр жұмыс істейтін жұмысшылар енді 55 жастан зейнетке шыға алады

Бұл жайында бүгін «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында ҚР Еңбек Кодексі жобасын талқылау барысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді

336 0

Бұл жайында бүгін «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында ҚР Еңбек Кодексі жобасын талқылау барысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп жазды baq.kz.

"Елімізде зейнетақы заңы 2010 жылы алғаш рет қабылданған болатын. 2014 жылы оған өзгерістер де енгізілді. Соған сәйкес, бұрын еңбек азаматтары еңбекақы есебінен 10 пайыз ғана жарна төлеп отыратын. Енді ауыр жұмыс істейтін азаматтарға жұмыс берушілер қосымша тағы 5 пайыз төлейтін болады. Биылдан бастап ауыр жұмыс істейтін жұмысшыларға 15 пайыз жарна төленіп, олар 55 жасында зейнетке шығуға мүмкіндік алады. Әрине бұл ретте жұмыскердің қалауы ескерілмек",– деді Т.Дүйсенова.

Айта кетейік, бүгін "Нұр Отан" партиясы мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жаңа Еңбек кодексін талқылау барысында жаңаша мәмлеге келді. Еңбек мерзімінен тыс уақытта жұмыс істеген қызметкерлердің еңбек ақысы бір күндік жалақыдан кемінде бір жарым есеге көп болмақ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!