Былтыр Қытай Орта Азия елдеріне 31 млрд $ инвестиция құйған

Фотография - Былтыр Қытай Орта Азия елдеріне 31 млрд $ инвестиция құйған

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан X Kazenergy Еуразиялық форумы аясында ұйымдастырылған пленарлық отырыста "PetroChina" компаниясының президенті Люй Гуньсинь өткен жылдың өзінде ғана Қытай Орта Азия елдеріне 31 млрд АҚШ доллары шамасында инвестиция құйғандығын атап өтті.

239 0

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан X Kazenergy Еуразиялық форумы аясында ұйымдастырылған пленарлық отырыста "PetroChina" компаниясының президенті Люй Гуньсинь өткен жылдың өзінде ғана Қытай Орта Азия елдеріне 31 млрд АҚШ доллары шамасында инвестиция құйғандығын атап өтті.

"Еуразия өңіріндегі энергия қауіпсіздігі: жаңа ынтымақстастық механизмі" тақырыбы аясындағы конференцияда мұнай-газ Жібек жібек жолының стратегиялық тұмырымдамасы туралы баяндама жасаған Люй Гуньсинь Орта Азия мемлекеттері мен Қытай елі мұнай мен мұнай өнімдеріне қатысты өзара әріптестігі соңғы жылдары белсенді дамып келе жатқандығын атап өтті.

- Соңғы жылдары Орта АЗия мен Қытай арасындағы саяси сенімділік нығайып, ынтымақтастық аясындағы өзара әріптестігі тереңдеп келеді. Бұл сөзімді бір ғана 2014 жылдың өзінде аталған құрлықтағы мемлекеттерге Қытай елінің 31 млрд АҚШ доллары шамасында инвестиция құйғандығы айғақтай түседі, - деді ол.

Сондай-ақ, Люй Гуньсинь өз баяндамасында тараптар өз араларындағы бүгінгідей ауызбіршілікті сақтай отырып, мұнай саласындағы бизнестің болашағына нық сеніммен қабам басу керектігін баса айтты.

- Осы деңгейдегі әріптестігімізді тұрақты түрде дамытып отыруымыз керек. Атап айтқанда, мұнай құбырлары мен оның өнімін тасымалдауды шебер ұйымдастыру, тереңдете өңдеуді ілгерілету сынды қызметтерді ұтымды үйлестуріміз қажет. Бұл барлық тараптарға тиімді әрі өте пайдалы болатындығына сенімдімін, - деді спикер.


Тегтер:

энергетика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!