Қарабалин: Әлемде мұнай тұтыну орталығының жаңа иерархиясы қалыптасып келеді

Фотография - Қарабалин: Әлемде мұнай тұтыну орталығының жаңа иерархиясы қалыптасып келеді

Қазіргі әлемде мұнай тұтыну орталығының жаңа иерархиясы қалыптасып келеді.

142 0

Қазіргі әлемде мұнай тұтыну орталығының жаңа иерархиясы қалыптасып келеді.

Бүгін Астанадағы «KAZENERGY-2015» оныншы Еуразиялық форумы аясындағы конференцияда Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин осындай пікір білдірді. Еске салайық, форум аясындағы мұнай-газ конференциясы «Еуразия өңіріндегі энергия қауіпсіздігі: жаңа ынтымақтастық механизмі» тақырыбында өтіп жатыр.

"Егер осыдан он жыл бұрын әлемдегі мұнай саласының «тіршілік кешуі» негізінен Еуропа мен АҚШ елдерінің тұтынуына мейлінше тәуелді болса, қазіргі таңда перспективаны бұл елдер емес, қарқынды даму үстіндегі Азия айқындайды. Соның ішінде, Азиядағы дамушы мемлекеттердің тұтастай топтары, соның ішінде Қытайдың бірегей өсім қарқынының өзі азиялық мемлекеттердің жаһандық нарыққа әсерінің күшейіп отырғанын көрсетеді. Назар аударуды қажет ететін және бір мәселе  бұл ұлттық компаниялардың көмірсутекті өндіру мен өңдеуге көбірек көңіл бөле бастағанында жатыр. Бүгінгі күні әлемдік  саладағы ұлттық компаниялардың өндіру қарқыны тоқтап тұр. Сонымен бір мезетте, мұнай өңдеу мен оның қорларындағы үлестер өсуімен қатар, балама энергетиканың, басқа да жоғары технологиялық сектордың құрамдастарына қатыс ты ғылыми зерттеулерді дамыту тренді де өсімін жалғастыруда", - деді Ұзақбай Қарабалин. 

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!