Қарабалин: "Қазмұнайгаз" АҚ жұмысшыларды қысқартып жатқан жоқ

Фотография - Қарабалин: "Қазмұнайгаз" АҚ жұмысшыларды қысқартып жатқан жоқ

"Қазмұнайгаз" АҚ жұмысшыларды қысқартып жатқан жоқ. Бұл жөнінде Х KAZENERGY Еуразиялық форумы аясындағы баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді.

245 0

"Қазмұнайгаз" АҚ жұмысшыларды қысқартып жатқан жоқ. Бұл жөнінде Х KAZENERGY Еуразиялық форумы аясындағы баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді.

"Егер, алдағы уақытта мұнай бағасы арзандайтын жағдайға қатысты шаралар қабылдау туралы айтар бослам, біз бұл жөнінде Қытай компанияларымен тек бірлескен кәсіпорындарымыз бар жерде ғана талқылаймыз. Ал әрқайсысымыз бұл мәселе бойынша өз тәжірибемізді, өз білімімізді қолданамыз", – деді Ұ.Қарабалин.

"Біз қытайлық әріптестерімізбен бірлесіп жұмыс істеп жатқан компанияларда шығындар айтарлықтай қысқарды. Әрине, бұл орайда капиталдық салымдарды да азайту қажет. Бұл кез-келген мұнай компаниясындағы қалыпты жағдай. Біздің қалыптан тыс жасап жатқан басты әрекетіміз – министрліктер, үкімет секілді біз де Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біздің елімізде жұмыс істеп жатқан мұнай компанияларын жұмысшыларды қысқартпауға шақырып жатырмыз. Еңбекақыны төмендетпеу және жұмысшыларды қысқартпау үшін бар күшімізді салып жатырмыз. Бұл оңай іс емес. Себебі, еңбекақы қоры өзіндік құнда айтарлықтай үлеске ие. Бірақ, біздің министрліктер мен үкіметтің бұл тапсырмасы мен өтініші берік. Бүгінде бұл компанияларда қысқартулар жоқ. «Қазмұнайгаз» АҚ-да жұмысшыларды қысқартып жатқан жоқ", – деген ол жалпы, бірінші тоқсанмен салыстырғанда шамамен 490 адам қысқартылғанын және мұның бір бөлігі CNPC кәсіпорнының қайта құрылуына байланысты орын алғанын айтты.

Энергетика министрінің бірінші орынбасары Қашаған кен орнының өзіндік құнына да қатысты пікір білдірді.

"Қашағанның өзіндік құны қанша екенін білу үшін алдымен ол мұнайды өндіру керек. Бағалау ол уақытта жағдай қалай болатыны мен инвестициялардың қайтуына байланысты болады. 40 жыл келісімшарттық кезеңге есептелетін Қашаған секілді ірі кәсіпорындар ешқашан тұрақты баға заманында жұмыс істеген емес. Бұл 40 жыл ішінде көптеген өзгерістер болады, бағалар біресе жоғарылап, біресе төмендеп отырады. Сондықтан, мен бүгін Қашаған іске асырылады ма деген сауалға іске асырылады деп жауап бере аламын. Инвесторлар қандай қарқынмен инвестицияларды қайтара алады, бұл жоба өзін қаншалықты жылдам ақтай алады – мұның барлығы бағаның қымбаттауы мен арзандауына байланысты", – деді Ұ.Қарабалин.

 

BNews.kz

 


Тегтер:

қазмұнайгаз

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!