Билл Гейтс осымен 22-ші рет АҚШ-тағы ең дәулетті адам атанды

Фотография - Билл Гейтс осымен 22-ші рет АҚШ-тағы ең дәулетті адам атанды

Forbes журналы АҚШ-тағы ең дәулетті адамдардың тізімін жасады. Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс осымен 22-рет аталған тізімнің көшін бастап отыр

439 0

Forbes журналы АҚШ-тағы ең дәулетті адамдардың тізімін жасады. Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс осымен 22-рет аталған тізімнің көшін бастап отыр. Оның байлығы 76 млрд долларға пара-пар, деп жазды baq.kz.

Ал, Гейтстің серігі, Berkshire Hathaway холдингінің жетекшісі Уоррен Баффет болса екінші орында. Оның дүниесі 62 млрд долларды құрап отыр. Дәулетті адамдардың үштігін Oracle комапниясының негізін қалаушы Ларри Элисон қорытындылаған, кәсіпкердің жиған мал-мүлкі - 47,5 миллиард доллар.

Forbes журналы жыл сайын жүргізетін осынау рейтингке АҚШ-тың ең дәулетті 400 адамы енеді. Алғашқы ондыққа бұл жылы алғаш рет Amazon.com интернет-дүкенінің бас директоры Джефф Безос пен Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг кіріп отыр.

Аталған тізімге ену үшін кем дегенде 1,7 млрд доллар байлығы болу керек. Рейтингке кірмей қалған дәулеттілердің жалпы байлығы 145 млрд доллар шамасында. Ал, АҚШ-тың ең бай 400 азаматының жалпы дүниесі 2,34 трлн долларға пара-пар. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 50 млрд долларға көп. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!