Қарағандыда астықтың 81 пайызы орылды

Фотография - Қарағандыда астықтың 81 пайызы орылды

Бүгінгі таңда Қарағанды облысында 527 мың гектар жер орылды, яғни астықтың 81 пайызы жиналды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

162 0

Бүгінгі таңда Қарағанды облысында 527 мың гектар жер орылды, яғни астықтың 81 пайызы жиналды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жалпы, өңір бойынша дәнді дақылдар түсімі 570 мың тоннадан асады деп күтілуде, оның ішінде бидай - 450 мың тонна, ал, картоптың жалпы түсімі 300 мың тоннаны, көкөністер - 90 мың тоннаны құрайтын болады.

Бүгінде 527 мың гектар алқап орылды, 477 мың тонна астық соғылды. Орташа түсім гектарынан 9,1 центнер құрады.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарында картоптың 63 % жиналып, 116 мың тонна картопты құрады. Көкөністер болса 728 гектар алқаптан жиналып алынды, барлығы 17 мың тонна көкеніс жиналды.

Жалпы, астық жинау науқанына 2 537 комбайн тартылды, оның ішінде ағымдағы жылы алынған 58 жаңа техника бар.

Барлық шаруалар ЖЖМ толық көлемде қамтылды, ал астық қабылдайтын кәсіпорындар алдағы науқанға сақадай сай отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!