6 айда елімізде темір жол техникасының өндірісі 20,8 млрд теңгеге дейін қысқарды

Фотография - 6 айда елімізде темір жол техникасының өндірісі 20,8 млрд теңгеге дейін қысқарды

Бұл туралы бүгін Қазақстан машина жасаушыларының III форумы барысында ҚР Иивестициялар және даму министрлігінің комитет төрағасы Аманияз Ержанов айтты.

250 0

Биылғы жылдың 6 айында еліміздегі темір жол техникасының өндіріс көлемі бар болғаны 20,8 млрд теңгені құраған. Бұл туралы бүгін Қазақстан машина жасаушыларының III форумы барысында ҚР Иивестициялар және даму министрлігінің комитет төрағасы Аманияз Ержанов айтты. 

"2015 жылдың 6 айында темір жол техникасының өндіріс көлемі бар болғаны 20,8 млрд теңгені, ал физикалық көлем индексі 43,3 пайызды құрады. Бұл кезеңде локомотив өндірілген жоқ, тек 45 дана жолаушылар вагоны,100 дана жүк вагоны шығарылды. Биылғы жылы отандық өндірушілер бар болғаны 300 бірлік жүк вагонын шығаруды көздеп отыр. 2014 жылмен салыстыратын болсақ, өткен жылы 1500 вагон, 12 дизельді локомотив,1 электровоз және 153 жолаушылар вагоны жасалды", - деді А.Ержанов.

Комитет төрағасы атап өткендей, саланың дамуына импорттық шикізат бағасының өсуі мен валюта бағамының өзгеруі теріс ықпал еткен.

"Бұған қоса, рубль бағамының құлдырауы да әсер етті. Бұл сұранысты қайта бөлуге әкеп соқты, салдарынан отандық тауар өндірушілер ұтылып қалды", - деп толықтырды ол.

 

BNews.kz

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!