Астанада жыл басынан бері 74 млн. теңгеге тұрғын үй көмегі көрсетілді

Фотография - Астанада жыл басынан бері 74 млн. теңгеге тұрғын үй көмегі көрсетілді

2015 жылдың басынан тұрғын үй көмегі 74 млн. теңге сомасында 1356 отбасына көрсетілді деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

179 0

2003 жылдан бастап тұрғын үй көмегi Астана қаласында тұрақты тұратын тұрғын үй иесi немесе жалдаушысы (қосымша жалдаушысы) болып табылатын аз қамтылған отбасыларға ақшалай төлем түрінде беріледі. 2015 жылдың басынан тұрғын үй көмегі 74 млн. теңге сомасында 1356 отбасына көрсетілді деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қыркүйектегі №387/51-IV шешімімен бекітілген Астана қаласында "Тұрғын үй көмегін көрсету" ережесіне сәйкес аталған көмек коммуналдық және басқа да қызметтерге ақы төлеуге шығындар, тұрғын үй көмегін тағайындау жөнінде хабарласқан алдындағы тоқсандағы отбасының орташа айлық жиынтық кірісінің сегіз пайызынан асып кеткен жағдайда ұсынылады.

Сонымен қатар, 2011 жылдан бастап Басқарма Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі №473 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес тұрғын үйді ұстауға, оның ішінде ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізуге тұрғын үй жәрдемақысын ресімдеуге құжаттарды қабылдау жүргізеді.

2011 жылдан 2014 жылға дейінгі кезеңде тұрғын үйді ұстауға, оның ішінде ағымдағы және күрделі жөндеуге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысымен 317,9 млн. теңге жұмсалды, 1286 отбасы қамтылды. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегі жағдайы бойынша тұрғын үй жәрдемақысын 244 отбасы алды, төлемдердің жалпы сомасы 51,2 млн. теңгені құрады. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!