Доллар бағамы өзгергеннен кейін Астанада тұрғын үйлер айтарлықтай қымбаттады

Фотография - Доллар бағамы өзгергеннен кейін Астанада тұрғын үйлер айтарлықтай қымбаттады

Баға шамамен 20 пайызға өсті

352 0

Теңге курсының еркіндікке жіберілуіне байланысты Астанада жылжымайтын мүлік бағасы 20 пайызға көтерілген. Квадрат метрдің орташа бағасы 230 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Today.kz Құрлысшылар ассоциациясының атқарушы директоры Аслан Тукиевке сілтеме жасай отырып.

"Квадрат метріне байланысты баға жеке мәселе, нысанға, жағдайға, орынға, құрылыс жағдайына байланысты – мұның бәрі бағаға әсер етеді. Егер бағаларды орташа алсақ, теңгенің еркін айналымына дейін орташа эконом-класс бағасы 192 -200  теңге болатын", - дейді Аслан Түкиев ОКҚ-дегі брифинг барысында.

Оның айтуынша, теңге курсына байланысты құрылыс материалдарының қымбаттауы болды және тек шетелдік заттардың ғана емес.

"Біздің кейбір өндірушілеріміз негіз болмаса да өнім бағасын көтеруге тырысуда. Біз олармен күресіп жатырмыз", - дейді ол.

"Тұрғын үй бағасы 20 пайыз көлемінде қымбаттады. Бұл біздің мәліметтер бойынша 230 теңге. Бір жерде бұл бағадан төмен, бір жерде жоғары", - деп аяқтады Түкиев.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!