Қыркүйекте еліміздегі инфляция 1 пайызды құрады

Фотография - Қыркүйекте еліміздегі инфляция 1 пайызды құрады

2015 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасында инфляция 1 пайызды құрады. Атап айтқанда, есепті кезеңде баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,6 пайыз, ақылы қызметтерге - 0,7 пайыз, азық-түлік емес тауарларына - 2 пайызға өскен.

298 0

2015 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасында инфляция 1 пайызды құрады. Атап айтқанда, есепті кезеңде баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,6 пайыз, ақылы қызметтерге - 0,7 пайыз, азық-түлік емес тауарларына - 2 пайызға өскен.

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтеріне қарағанда, өткен айда бағаның өсуі бананға 15,8 пайыз, қантқа - 13,4 пайыз, жұмыртқаға - 10,8 пайыз, апельсинге - 6 пайыз, кептірілген жемістер мен жаңғақтарға - 5,1 пайыз, лимонға - 3,5 пайыз, құс етіне - 2,8 пайызды құраған. Бұдан бөлек, бағаның балық және теңіз өнімдеріне - 2 пайыз, кофе, шай және какаоға - 1,7 пайыз, күнбағыс майына - 1,6 пайыз, күрішке - 1,4 пайыз, жеміс және көкөніс шырындарына - 1,3 пайызға, пастерленген, консервіленген сүтке, мәйекті ірімшікке - 1,1 пайыздан, зәйтүн майына - 0,9 пайыз, шикі сүтке - 0,8 пайыз, жармаларға - 0,7 пайызға, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге, қышқыл сүт өнімдеріне, сүзбеге, кондитерлік өнімдерге - 0,6 пайыздан өскені белгіленді.

Сонымен бір мезгілде бағаның төмендеуі жаңа жиналған көкөністерге 10,9 пайыз, картопқа - 8,9 пайыз, жүзімге - 7 пайыз, алмұртқа - 3,4 пайыз, алмаға - 1,6 пайызға тіркеліп отыр.

Бұдан бөлек, автомобильдер 3,7 пайызға, фармацевтикалық өнімдер - 2 пайызға, жиһаз және үйге қажетті заттары - 1,8 пайызға, киім және аяқ киім, жуғыш және тазалағыш құралдарға, кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына - 1 пайыздан қымбаттаған. Бензин 13,2 пайызға,  дизель отыны - 1,1 пайызға қымбаттады.

"Сонымен қатар, баға деңгейі білім беру қызметтеріне 2,3 пайыз, кешенді демалыстарды ұйымдастыру - 1,6 пайызға, қонақ үйлер, ойын-сауық және мәдениет саласындағы - 0,5 пайызға өссе, алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлігімен жол жүру ақысы 8,6%-ға қымбаттап, әуе көлігімен қатынау керісінше 4,4 пайызға арзандаған. Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер тарату желілері бойынша тасымалданатын газға баға 3,4 пайыз, суық суға - 2,2 пайыз, тұрғын үйді күтіп ұстауға - 0,6 пайыз, электр энергиясына - 0,4 пайызға, қоқыс шығару, кәрізге - 0,3 пайыздан жоғарылады", - делінген баспасөз баянында.

ҚазАқпарат

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!