Көлік компанияларынан бюджетке 7,4 млрд теңге өндірілді

Фотография - Көлік компанияларынан бюджетке 7,4 млрд теңге өндірілді

Көлік саласындағы кәсіпорындардың мәлімдеген айналымдарын талдау нәтижесінде жеткізушілердің іс жүзінде сатқан тауарларында (жұмыстар, қызметтер) ауытқулар анықталды.

211 0

 Қазақстанның көлік компанияларынан мемлекет бюджетіне 7,4 млрд теңге өндірілді, деп хабарлайды BNews.kz.
"Көлік прокуратурасы органдары Мемлекеттік кіріс комитетімен бірлесе отырып квазимемлекеттік сектор мен оның контрагенттерінің салық заңнамасын орындауына талдау жасады", - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Көлік саласындағы кәсіпорындардың мәлімдеген айналымдарын талдау нәтижесінде жеткізушілердің іс жүзінде сатқан тауарларында (жұмыстар, қызметтер) ауытқулар анықталды.

Бас көлік прокуратурасының ұсынысы негізінде мемлекеттік бюджетке 7,4 млрд теңге өндірілді.

Өндірілген сома толық көлемде мемлекет бюджетіне түсті.
 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!